Duration 8:15

Назарбаев Митингке Шығып - Сатқындар Билікте Отыр Желтоқсанда 5 000 Қазақты Қырып Салды

264 219 watched
0
5.6 K
Published 16 Dec 2020

Бәріңізге Ассалаумағалейкум! Тәуелсіздіктің қадірін түсіну үшін - Желтоқсанның қадірін түсінуіміз қажет. Біз соны ұғынып, түсініп жүрміз бе? Қалай ойлайсыздар? Тәуелсіздіктің тамыры – «Желтоқсан оқиғасының дүниені дүр сілкіндірген дүмпуімен өзек алды» десек, тіпті де, қателеспейміз. Мұны кезінде, туысқан Әзербайжан халқының президенті Гейдар Әлиевте айтқан: «Кеңестер одағының ыдырауы - Желтоқсан оқиғасынан басталды» деген. Бірақ, ызғарлы, мұз-қарлы сол Желтоқсанның ащы шындығы, әлі күнге толық айтылған да, ашылған да жоқ... Мұны «тарихқа жасалған қиянат» деп санаймыз. Желтоқсан – қазақ халқының рухын, әлемге жайған көтеріліс. Кеңестер Одағындағы «демократиялық қозғалыстардың көшбасшысы» болды. «Кеңестер Одағын ыдыратуға да себепкер» болған, осы Желтоқсан оқиғасы. Ал енді, соны айтуға ыңғайсыздану – біздің рухани, мемлекеттік мүддеміздің үлкен кемшілігі және рухсыздығы. Желтоқсан шындығы барлық кезеңде өз биігінде тұруы керек. Ерте ме, кеш пе, уақыт барлық шаруаны өз орнына қояды. Желтоқсан көтерілісіне, 1 жыл 2 ай қалғанда, яғни 1985 жылдың қазан айында, Кеңестер Одағының Қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, «Метель» операциясын ұйымдастырады. Егер Кеңестер одағының бір жерінде, «көтеріліс бұрқ ете қалса, қалай дымын білдірмей, басып, жаншимыз» деген оймен ойластырған. Сөйтіп, «Метель» операциясын арнайы қолдан құрған. Новосібірде жастар ұйымы болған. Кілең әке - шешесі жоқ, тұл жетімдерден құралған - «Мейірімсіз» деген топ. Соны әдейі жасақтаған. «Метель» операциясының құрамында, әлгі топ та болған. Бұл операция, Желтоқсан оқиғасынан 1 жыл 2 ай бұрын дайын болып, оны сынақтан өткізейін десе, сынайтын жер жоқ. КСРО, Қауіпсіздік комитетінің бастығы Чебриков, Горбачевқа кіріп, ауызша рұқсатын алады. Алматыда қолында қаруы жоқ, уыздай жас қыз-жігіттер алаңға шыққан кезде, әлгілердің «жүрегі жарыла» қуанады. Чебриков Горбачевтің жасырын рұқсатымен «Метель» операциясын, ағылған жастарға қарсы қояды. Соның кесірінен 168 адам өлген. Бірақ, «4-5-ақ адам өлді» деп айтып жүр ғой. 5 мыңға жуық адам жараланған. Қазақтың жастары қорланған. Қазақтың қыздарын итше тепкілеп, аязды күні қардың үстіне отырғызып қойған. Ондағы себеп: «қыздардың жатырынан суық өтіп, бала туу бақытынан айырылсын» деп санаған. Қазақтың қыздарын шаштарынан сүйреп, әскери етіктермен тепкілеген. Алаңдағы жастарымызды, саперный күректермен ұрып, қабаған, әскери иттерге талатқан. Түрмеге түскен, Қайрат Ырысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты белсенділерді аяусыз соққының астына алып, неше түрлі қинау көрсеткен. Алаңнан неше жүздеген адамды жүк машиналарына тиеп апарып, Алматы қаласының сыртындағы шұңқырларға мусор төккендей, құлата салған. Көп студенттер, сол жерден қашып кеткен. Көптеген студенттердің соңына, Қауіпсіздік комитетінің адамдары түсіп, бірқанша мың студент оқуларынан қуылған. Осындай әділетсіздігі үшін кезінде, ақын Мұхтар Шаханов Горбачевті, Соломенцевті және Желтоқсан комиссиясының шындығын бүркеп қалғаны үшін, сол кезгі Қазақстанның Бас прокуроры Жармахан Тұяқбаевты Конституциялық сотқа берген болатын. Сонымен қатар, 2001 жылы Қазақстанға келген, КСРО Президенті болған Михиал Горбачевты, теледидар арқылы бүкіл қазақ халқынан кешірім сұрауға мәжбүрлеген. Кезінде Желтоқсанда халыққа қарсы жұмыс істегендер билікте отыр. Олар ақиқаттың ашылғанына мүдделі емес. Осы тақырыпты, яғни Желтоқсан оқиғасын қозғау «олардың өздеріне өте ауыр» тиеді. Сондықтан «бұл күнді» барынша атап өтпеу, Желтоқсан туралы ештеңе айтпауға, айттырмауға тырысады. Тіпті датада, «осы күндер болмаса екен» деп армандайтын шығар. Бізде, бір ғана Үлкен кісінің билігі жүреді. Бүкіл заң соған қызмет етеді. Бір кісі Желтоқсаннан саналы түрде қашты. Әйтпесе, Тәуелсіздік күнін КСРО-ның құрылуы туралы шарт бұзылған, 8 желтоқсанға неге белгілемейді? 8 Желтоқсан күні-ақ, КСРО құлап, Қазақстан Тәуелсіздігін формальді түрде алып қойған болатын. Бұл – «желтоқсанды ұмыттырудың, Желтоқсанды Тәуелсіздік мерекесінің тасасына қалдырудың» айлалы әрекеті. Әлі-ақ бәрі орнына келіп, тәуелсіздік туралы декларация қабылданған, «25 қазан – Тәуелсіздік күні» болып аталып өтілетін болады. Оған сеніміміз кәміл болсын. Қазір, осы мәселені БАҚ беттерінде жазып, айтып, көтеріп жүрген азаматтар көп. Тәуелсіздік күнін, 16 желтоқсанға белгілеп, мереке жасап отырған – билік. Оны, «Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ұйымдары арқылы айтқызып, соларды айтақтап, істеткізіп» отыр. Өздеріңіз білесіздер, желтоқсаншылдардың бірқанша ұйымдары мен қозғалыстары бар. Сол қозғалыстардың төрағаларының ғана есебі түгел, қарны тоқ. Өйткені оларды қаржыландырады. Билікке сатылған басшылардың кесірінен, қозғалыс мүшелерінің бастары бірікпейді. Ең іргелі «Желтоқсан ақиқаты» ұйымының өзі қазір екіге бөлініп, ара-дара болып жатыр. Бірі – биліктің, бірі желтоқсаншылардың сөзін сөйлейді. Талғат Рысқұлбеков деген вахаббист жігіт бар. Барлықтарыңыз білесіздер, оны. Ол билікке жұмыс істейтін жігіт. Ағасы Қайрат батыр еді. Толығырақ Видеода...

Category

Show more

Comments - 574